Жалған дүниеге келгеніме тұп-тура он бес жылдай болыпты... Көп бірақ аз. Түйгенім баршылық, түйерімде. Бірақ дәл қазір бәрін жаңадан бастағым келеді, иә, нөлден. Ешкімді танымайтын, қарнының ашқанымен, ұйқы қысқанын ғана сезетін бала болғым келеді. Ешкімге өкпе арта алмаймын, себебі өз мінезімді бес саусақтай білем. Мен адал едімғой досқа да, ... Өкінішті, бірақ ешкімге өкпем жоқ. Бірақ өтінерім бар, мәңіге болмаса менің әлеміме аяқ баспаңыздаршы, мен тағы бір "жоғалтуға" әлім келмес. Адамдарға сеніп, жоғалтудан қайта кездестіріп айырылысудан шаршадым... Бұрындары шерімді қағазға түсіргенде сенетінмін "бір бақыт келеріне" , "ғажаптың боларына" сенімім мол еді . Кішкентай екенімді білем, бірақ жүрек шіркін қалайды ғой, керімін іздеп тұрады. Ал, қазір ешкімді керек қылмаймын, жаныңа жақын досты да , қараңғы өмірді жап-жарық ететін жанды да. Жаным тыныштықты қалайтындай. Мән беретіндей мәселе еместей көрінеді, бірақ осы қайғы адамның түбіне жетуі де мүмкін ғой. Білгіңіз келеме ?! Онда бақылаңыз. Менің құлағанымды көбі күтуде. Еш бір сынға сынбай жеңіп шығам, бәрін, барлығын. Бұл жолы жалғыз әрекет етпекпін, жаңа қағида "ешкімге сенбе, артыңа қарайлама, ештеңе күтпе" - бақытқа бастар жаңа бастама 🐊 © Маке Қылышбаев🥀

Теги других блогов: дүние жалған тұп-тура